«Секретные материалы»

    Вирджиниядағы ФБР академиясының оқытушысы, арнаулы агент Дана Скалли мен Фокс Малдер есімді агентке «Құпия ақпарат» атты жоба тапсырылған. Ал «Құпия ақпарат» - бұл ФБР-дің шешілмеген жұмбақ істері, олардың ішінде вампиризм, мутант шабуылдары және өзге ғаламдықтардың адамдарды ұрлауы сынды жағдайлар да кездеседі.

    Малдер өзге ғаламдықтардың бар екеніне сенеді және күдікшіл Скаллиді саналы түрде түсіндіруге келмейтін жағдайлардың да болатынына көзін жеткізбекші. Малдер мен Скалли белгілі бір нәрсені талқыға салғанда, бір-бірін сендіруге тырысып қана қоймай, әңгімеге кірісіп кетеді. Ақырындап алғашындағы сенімсіздік достыққа, одан кейін күшті сезімге ұласады.